20.02.2022
  195


Автор: Абдрахман Асылбек

Шаттанайық, кәнеки

Әнін жазған Нұрлан Байгөзов

Ақылыңа жарасымды
Көрген күннен көрінді,
Асау жүрек аласұрды,
Алып қойдың еркімді.

Қайырмасы:
Шаттанайық, кәнеки,
Аттанайық, кәнеки.
Шақырады бір бақыт
Алдымызда, әнеки.

Сен дегенде ұмытамын
Шетсіз, шексіз ғаламды.
Бір өзіңсің үміт әнім,
Нұрландырған санамды.

Қайырмасы:

Сенсің – тұғыр, тірегім де,
Сенсің – асу-асқарым.
Сенсің – әппақ тілегім де,
Сенсің – ашық аспаным.

Қайырмасы:

Аспандағы нұрлы күннің
Жанарыңда қызуы.
Сенсіз маған бұл ғұмырдың
Болмас ешбір қызығы.

Қайырмасы.





Пікір жазу