20.02.2022
  170


Автор: Абдрахман Асылбек

Қуанамын сені көргенде

Әнін жазған Нұрлан Байгөзов

Қуанамын сені көргенде,
Үнің қандай сырнайлы.
Жайраң қағып жақын келгенде,
От жүрегім бірге жырлайды.
Тілдесейін енді дегенде,
Сөз таппаймын саған ыңғайлы.
Іштей тынып, ыстық денемде
Керемет бір толқын тулайды.

Қайырмасы:
Арманым да,
Ардагым да
Бір сен гана,
Үмітімді тек қана алдама.
Күнім алтын,
Жүзім жарқын,
Күлсең ғана,
Атқандай болады таң жаңа.

Таңертең де, түсте, кешке де
Асығамын сендей асылға.
Кездескен күн алғаш есте ме
Мөлдіреген бұлақ басында?
Ойламаймын өзге ештеңе,
Бірге жүрсең болды қасымда.
Секілдіміз серік қос кеме
Қатар жүзген келер ғасырға.

Қайырмасы.





Пікір жазу