20.02.2022
153
Долана
Әнін жазған Нұрлан Байгөзов
Жаз күні ысып тұр,
Төбеден түсіп бір,
Долана балқып пісіп тұр.
Елжіреп жүрегің,
Мөлдіреп реңің,
Тотыдай сен де түледің.
Ойыма сұлу саз орала кеп,
Ән салдым сол сәтте:
«Долана» деп.
Қайырмасы:
Долана, Долана,
Өзіңдей бола ма ?
Долана, Долана,
Бал Долана.
Долана, Долана,
Сенсіз бақ қона ма?
Долана, Долана,
Ән Долана.
Долана, Долана,
Өзіңе орала,
Бақытқа тұрдым орана.
Өзіңді сол күннен
Сезімді толқынмен,
Ерекше сүйдім толқумен.
Махаббат отына жана бердім,
«Долана» әніне сала бердім.
Қайырмасы.