20.02.2022
  301


Автор: Абдрахман Асылбек

Елім менің

Әнін жазған Бейбіт Оралұлы

Елім менің қандай? –
Бұлақтары балдай,
Жұта берем қанбай
Кәусарынан-ай.
Елім енің қандай? –
Бұлбұлы жез таңдай,
Тыңдай берем талмай,
Салса бір ән-ай.

Қайырмасы:
Елім менің:
Елім-ай,
Жерім-ай,
Көлім-ай.
Белес-белес белім,
Қайран елім-ай!

Елім менің – бағым,
Елім менің – тағым,
Алтын арай таңым,
Тіршілігім-ай.
Елжіресін ел де,
Мөлдіресін көл де,
Сәуле шашып сен де,
Күлші, күнім-ай.

Қайырмасы.

Елім менің дарқан,
Байлық толы алқам,
Алатау мен Арқам –
Мақтанышым-ай.
Елім менің еркем,
Елім менің көркем,
Таң-тамаша өлкем,
Шат дауысым-ай!

Қайырмасы.





Пікір жазу