20.02.2022
  126


Автор: Абдрахман Асылбек

Астана

Әнін жазған Бейбіт Оралұлы

Тарихи таңғажайып дастан-аңыз,
Арқада – алтын орда Астанамыз.
Керемет сәнді үйімен, ән-күйімен,
Құлпырып көз тартады, Бас қаламыз.

Қайырмасы:
Астана, Астана –
Көркем бұл жас қала.
Астана, Астана –
Өркенді бас қала. 2 рет.
Қазақтай халқы бар,
Кең пейіл салты бар,
Әлемге даңқы бар,
Жұлдыздай жарқырар,
Астана!

Қазақтың қасиетті әр төбесі,
Астана – алып тұлға нар төбесі.
Ғасырдан ғасырларға қанат жайып,
Асқақтап арта берер мәртебесі.

Қайырмасы





Пікір жазу