20.02.2022
  171


Автор: Абдрахман Асылбек

Түркістан

Әнін жазған Бейбіт Оралұлы

Алыппыз Түркі түбі бір,
Халықпыз тілі, Түрі бір.
Түркістан – тұғыр тірегі,
Мұсылман елге діні бір.
Көсілген байтақ жеріміз,
Түркі де – Қазақ еліміз.
Бәріне ортақ Түркінің,
Түркістан – түндік, төріміз.

Қайырмасы:
Байтақ қазақ жеріне
Жеке қорған Түркістан
Хандары мен бегіне
Мекен болған Түркістан
Бүкіл Түркі еліне
Мекке болған Түркістан.

Құмдала жатқан мұң дана,
Ерекше жайнап нұрлы ана,
Түркістанменен тұр дара,
Қазаққа мақтан бұл қала
Тұрғызған Темір бабамыз.
Түркістан – ғажап қаламыз.
Яссауи Ахмет күмбезі –
Халқымыз сөнбес күн көзі.

Қайырмасы.





Пікір жазу