20.02.2022
  167


Автор: Абдрахман Асылбек

Сүйеді екем

Әнін жазған Бейбіт Оралұлы

Сүйеді екем, сүйеді екем мен сені,
Сен екенсің өмірімнің өлшемі.
Сәл көрмесем, зіл басады еңсені,
Жоғалғандай жүрегімнің бөлшегі.

Қайырмасы:
Өзіңсіз ас батпайды,
Жанарым жасқақтайды.
Армандап аңсауменен,
Қиялым қас қақпайды.
Қасымда бірге жүрсең,
Көңілім асқақтайды.

Сүйеді екем, сүйеді екем жанымдай,
Бойымдағы ағып тұрған қанымдай.
Тіршілігім тоқтап қалар секілді,
Көз алдымнан қалсаң бір сәт табылмай.

Қайырмасы.

Сүйеді екем, сүйеді екем, елігім,
Еліктірген, желіктірген желігім.
Бағытымнан, шабытымнан жаңылтпас,
Сен екенсің Темірқазық серігім.

Қайырмасы.





Пікір жазу