20.02.2022
  165


Автор: Абдрахман Асылбек

Бойжеткен

Әнін жазған Әсет Бейсеуов

Қыз он беске келген кезде,
Атанады бойжеткен.
Сүмбіл шашын өрген кезде,
Сұлуланып бой кеткен.
Айна алдында таранады,
Бойжеткен қыз бұралып.
Тал шыбықтай таралады,
Исі жұпар гүл анық.

Қайырмасы:
О, бойжеткен, бойжеткен,
Балғын шағы ғой көктем.
Қызғалдақтай жайнаған
Қызыл-жасыл көйлекпен.
Өнерпаздар сайлап ән,
Көп кешікпей той жеткен,
О, бойжеткен, бойжеткен!

Қыз керемет күй кешеді,
Жанай өтсе бозбала.
Үнсіз ғана тілдеседі,
Күлім қағып көз ғана.
Сылаң қағып, бұрала бел,
Жүректерді сөйлетсе,
Қу жігіттер, қуана бер,
Ерке қыздар бой жетсе.

Қайырмасы:





Пікір жазу