20.02.2022
227
Елудегі еркелер
Әнін жазған Әсет Бейсеуов
Жетегінде жылдардың желуменен,
Келіп қапты кемел шақ – елу белең.
Өмір деген ұлы кеш шеруменен,
Желден жүйрік жүйткиді көңіл дөнен.
Қайырмасы:
Елу деген ер жасы,
Кемел шағы – дер жасы.
Ер жігіттің елуде
Сабыр болар жолдасы.
Елу – жолдың ортасы,
Ақыл-ойдың ордасы.
Елуінде ер жігіт –
Ел бастаған қолбасы.
Түспей тұрып ақыл-ой сабасына,
Жиырманың жеттік пе бағасына?
Оғыз бенен қырықты таң асыра,
Елдің енді айналдық ағасына.
Қайырмасы.
Жиырма бестің заты жоқ, аты бар да,
Ей, жігіттер, елуде қапы қалма.
Тарта бергін тоқтамай батыл алға,
Арқа сүйеп арымас ақыл-арға.
Қайырмасы.