20.02.2022
155

Жаны жарқын жандар
Әнін жазған Әсет Бейсеуов
Өмірде бар ғой, шіркін, жаксы адамдар,
Көңілі – ақ шағала, ақша таңдар.
Жасанға жайнап кетер барлық әлем,
Бір сәтке көніліңді тапса адамдар. 2 рет
Пейілі жайсаңдардың дала сынды.
Жайдары жаз күніндей жарасымды.
Ақаусыз ақ көңілмен құрақ ұшып,
Алдыңа ақтарады бар асылды. 2 рет
Жайдары болса, шіркін, жанның бәрі,
Арайлап атар еді таңның бәрі.
Тек кана жырлар еді жайсаңдықты,
Жүректі жарып шыққан әннің бәрі. 2 рет