20.02.2022
  172


Автор: Абдрахман Асылбек

Гүлденген Жаңақорған

Әнін жазған Бексұлтан Байкенжиев

Қаратаудың бөктерінде,
Қанат жайып көкке өріле.
Жадыратып көңілдерді,
Жалындатып өмірлерді.
Ей, жарасымды қала болған,
Жаңақорған, Жаңақорған.
Ақ маржандай күріші бар,
Шалқып тасқан ырысы бар,
Қойыны толған кендері бар,
Мал қаптаған белдері бар.
Ей, жайлауына жаңа конған,
Жаңақорған, Жаңақорған.
Даңққа белеп ер енбегі,
Өркендеген өрендері.
Ел қараған шын құмартьш,
Бір күнінен бір күні артық.
Ей, барар жолы сара болган,
Жаңақорған, Жаңақорған.





Пікір жазу