20.02.2022
  158


Автор: Абдрахман Асылбек

Сағынтайдың Әбдірі

Әнін жазған Нұрлан Еспанов

Жағасында Таластың туып өскен,
Толқынында ақ тәнін жуып өскен.
Үшаралдың өркенді бір баласы,
Арман қуып, халқына жуық өскен.
Сағынтайдың Әбдірі сол еді ғой,
Таланты мен талабы зор еді ғой.
Өсе келе отыз жыл ел басқарып,
Туған жерін байлыққа бөледі ғой.

Қайырмасы:
Сағынтайдың Әбдірін
Туған елі мақтайды.
Арнап оған ән-жырын,
Мәңгі есінде сақтайды.

Туған елдің байлығы шалқысын деп,
Көк байрағы көгінде қалқысын деп,
Үшаралдың атағын асқақтатты,
Бар еңбегім халқымның даңқы үшін деп.
Қыстаубай мен Бақытжан, Ғалымжаны –
Елі сүйген өрендер, дарын бәрі.
Әке жолын жалғады жеңістермен,
Нұрын шашып халқына жалындары.

Қайырмасы.





Пікір жазу