20.02.2022
  179


Автор: Абдрахман Асылбек

Көрікті Қорғалжын

Әнін жазған Кенжебек Күмісбеков

Қорғалжын, атамекен өскен жерім,
Балалық бал дәуренді кешкен жерім,
Атыңды мақтанышпен әнге қосам,
Жанымды желпіндіріп ескен желің.

Қайырмасы:
Сағымды белдер,
Шалғынды көлдер,
Жусаны жұпар аңқыған.
Аққулы-қазды,
Гәккулі сазды

Ән менен жыры шалқыған.
Көлінде қанаттанып балапандай,
Сімірдім бал суыңды қаға таңдай.
Ерекше жаратылған Қорғалжыным,
Сары бел, сағындырған дала қандай.

Қайырмасы.

Қорғалжын, құдірет бар келбетіңде,
Құстарың қиқулаған көл бетінде.
Көрсем де дүниенің сан ғажабын,
Саған тең мекен бар ма жер бетінде?

Қайырмасы:
Сағымды белде,
Шалқыған көлде
Жезкиік жүйткіп ойнайды.
Аққулы-қазды,
Гәккулі сазды
Көркіңе көзім тоймайды.





Пікір жазу