20.02.2022
  328


Автор: Мұратбек Аяжан

Үзілген достық

     Самат пен Ербол жақын достар.Ылғи бірге жүреді, бірге мектепке барады. Бірде Ерболға әкесі жаңа велосипед алып берді. Ербол қатты қуанып достарына көрсетуге барады. Аулада Саматта жүр екен. Ербол мақтанып: 


   —Қараңдаршы әкем маған қандай әдемі велосипед алып берді?!-дейді. 


Балалар шынымен велосипедке қызығып қарайды. 


—Айдап көрсем болама-дейді, Самат.—Жоқ сен сындырып аласың.—деп жауап қайтарды Ербол. Самат Ерболға ренжіп кетеді. Балалар: 


—Қызық-ай, сен неге жақын досыңа бермедің?


—Болды, ол менің досым емес дейді Ербол. Самат мұны естіп: "Мақтаншақ" деп айқайлап жібереді. Ербол ашуланып Саматтың алқымынан ала жөнелді. Балалар дер кезінде тоқтатып үлгерді. Сөйтіп, бәрі аяқталды. Бірақ Самат пен Ербол қайтып татуласқан жоқ! 


 





Комментарии

Дико ❤️‍?❤️‍?❤️‍?
Рахмет сабаққа керек еді
20.04.2022 23:00
Күшті әңгіме екен

Пікір жазу