20.02.2022
  153


Автор: Абдрахман Асылбек

Кім?

– Шөлге кім гүл еге алар?
– Мен!
– Шөлде кім мал баға алар?
– Мен!
– Көшіріп жүр жонды кім?
– Жел!
– Өшіріп жүр жолды кім?
– Жел!
– Кім даланы желпіп жүр?
– Самал!
– Кім далада жортып жүр?
– Марал!
– Шөлге кім дос сенімді?
– Жауын.
– Гүлдендірген жерімді?
– Қауым.


 





Пікір жазу