Әжемнің көмекшілері
Марал әжем әлі мықты,
Таңнан іске аттанады.
Мойындамас кәрілікті,
Көп жұмысты атқарады:
Сары сиыр мөңіресе,
Су береді Марал әже.
Сауатын кез келді десе,
Үлгереді Марал әже.
Іс атқарып түрлі-түрлі,
Бір тынбайды Марал әже.
Болса екен деп тындырымды,
Ұлдарына барады әже.
–Тұршы жаным, Сары, кәне,
Жем бере сал тауықтарға.
– Мақұл, – дейді Сары-дағы
Бірақ, іске зауық бар ма?
Қыт-қыттаса тауықтары,
Қызықтайды Сапа келіп.
Інісін тез тауып Сары,
Бұйырады аға болып:
– Айналайын, Сапа, – дейді, –
Жем себе сал тауықтарға!
Сапа болса:
– Вепа, – дейді –
Сен себе сал шауып бар да!
Вепа жұмсап Бәсімжанды:
–Текке қарап жатпа, – дейді.
Бәсім жұмсап Қасымжанды:
– Жемді шашып таста! –дейді.
Тауық жемсіз құр қатқан соң,
Бір мазасыз күйге кірді.
Ал, балалар күн батқан соң,
Қазанмен бір үйге кірді:
Самсасы алда Сарының да,
Самсасы алда Бөрінің де,
Қасық алған Вепа-дағы,
Қасық алған Сапа-дағы,
Пышақ алған Бәсімжан да,
Пышақ алған Қасымжан да...
Тату-тәтті бәрі бірдей
Жүріп жатыр әлі күнге.
Ортасында Марал әже,
Осындай-ақ болар әже!