20.02.2022
  147


Автор: Абдрахман Асылбек

Кім үшін?

Көкте күліп алтын күн,
Нұрын төгер
Кім үшін?
Бұтақтардан жарқын гүл
Желек жаяр
Кім үшін?
Көк алқапта ақ мақта
Гүл жарады
Кім үшін?
Арпа, бидай аймақта
Ырғалады
Кім үшін?
Биік таудың басынан
Бұлақ ағар
Кім үшін?
Кең далаға тасыған
Ағыс барар,
Кім үшін?
Қыраттарда, белдерде
Мал бағылар
Кім үшін?
Қуаң тартқан жерлерге
Су жайылар
Кім үшін?
Судан – жарық,
Жерден – нан,
Газ алынар
Кім үшін?
Қалаларға берген сән
Үй салынар
Кім үшін?
Мұның бәрін білуге,
Кең далаға шығайық.
Құлаш ұрып білімге,
Сөз мәнісін ұғайық.





Пікір жазу