20.02.2022
  176


Автор: Абдрахман Асылбек

Жел мен жантақ

Бірде гулеп жел тұрып,
Екпіндей кеп ентігіп,
Жапандағы жантаққа
Былай деді желпініп:
– Бұл жерде сен неге өстің?
Айнала тас, белес, құм.
Жазда аптап, қапырық,
Саған жайлы емес тым.
Қыста боран ұлиды,
Бойың кәйтіп жылиды?
Күш-қуатың әлсіреп,
Денсаулығың құриды.
Белес-белес белдер бар,
Жерұйық бір жерлер бар.
Бау-бақшасы жайқалған,
Айдын шалқар көлдер бар.
Қас болмасаң өзіңе,
Илан айтқан сөзіме.
Жүрші, Сол бір жерлерді
Көрсетейін көзіңе.
Салынбады жалтаққа,
Кесіп айтты жантақ та:
– Қанша жақсы болса да,
Бара алмаймын ол жаққа.
Осы жерде тудым мен,
Арасында құмның кең.
Жылу берген жаныма,
Ыстық күнін сүйдім мен.
Жанға жайлы жапаным,
Өзге елде жоқ шатағым.
Ең сүйкімді,
Ең қымбат
Осы жер ғой Отаным!...





Пікір жазу