20.02.2022
141
Таң
Алтын таңмен арайлы
Жайқалар бақ балбырап.
Гүлдендіріп маңайды,
Анарлар тұр албырап.
Жылы сәуле түседі
Жемістерге мұндағы.
Апелсиндер піседі –
Күннің ерке ұлдары.
Сіңе берді күн шуақ,
Тәтті әуенге таң бөлеп.
Жұпар иісі бұрқырап,
Дөңгеленді әңгелек.
Мектепке әсем сән беріп,
Көк теректер құлпырды.
Таң нұрымен әрленіп,
Күнге қарай ұмтылды.
Күн астында өрімдей
Ұл-қыздар да өседі.
Туған жердің төрінде
Қызық дәурен кешеді.