20.02.2022
  217


Автор: Абдрахман Асылбек

Дауыл

Дауыл тұрып бір күні,
Құмды келіп суырды.
Тықты ініне кірпіні,
Түлкі, қарсақ, суырды.
Дауыл тұрып,
Құм ұшып,
Аспанды да шаңдады.
Қырандар да ығысып,
Басқа жаққа самғады.
Дауыл тұрып,
Құм біткен
Сусып кетті дөңдерде.
Бөрілерді дүрліккен
Қуып тықты шеңгелге.
Дауыл әлек бастайды,
Ал, бөрікке абай бол!
Шопан, бірақ, саспайды,
Дауылыңа қарай ма ол.





Пікір жазу