20.02.2022
  160


Автор: Абдрахман Асылбек

Қарақұм

Қарақұм бұл –
Қара құмдар:
Өңсіз өлке,
Нала, мұң-зар...
Бұрын сені,
Атамекен,
Кім осылай
Атады екен?
Ойлапты олар
Бірақ келте:
Қарақұм – нұр,
Шуақты өлке.
Емес бүгін
Көңіл бәсең.
Көктемінде
Өңір де әсем.
Жері жомарт,
Құмы жалқын.
Алма бақтай
Нұры жарқын.
Байлығы асқан –
Өмір ерек.
Газ бен мұнай,
Көмір де көп.
Қойлары да
Қарақұрым.
Міне, осындай
Қарақұмым!
Қонақ болып
Кел өлкеме,
Шұғылалы
Кең өлкеме.





Пікір жазу