20.02.2022
628
Жазғы саяхат
Саяхаттап келеміз
Туған жердің төрінде.
Көкке жетіп төбеміз,
Ән келеді көңілге.
Аққу, үйрек, қаз қонып,
Күйге толған көлдері.
Маңырайды мәз болып,
Малымыздың төлдері.
Қырда қызыл қызғалдақ,
Жұпар исін шашады.
Қырдағы егін – тұнған бақ,
Жайқалады масағы.