20.02.2022
195
![](/uploads/shorttexts/author_image/image[2].jpg)
Жалғасу
Айналайын ұлым-ай,
Құлдыраған құлын-ай,
Шырқау биік шыңым-ай.
Болмаса егер шыңым-ай,
Не болады күнім-ай?
Айналайын немерем,
Немереммен теңелем,
Кеңейеді керегем.
Болмаса егер немерем,
Тағдырыма не дер ем?
Айналайын шөберем,
Шөбереммен көгерем.
Болмаса егер шөберем,
Шаршап барып шөгер ем,
Біржолата сөнер ем.