20.02.2022
287
![](/uploads/shorttexts/author_image/image[2].jpg)
Балапан
Аялайын балақан –
Ақ мамықтай балапан.
Аспандағы айым деп,
Аймалайды жан апаң.
Аялайын балақан –
Ақ мамықтай балапан.
Аққуым деп айдында,
Аялайды алақан.
Аялайын балақан –
Ақ мамықтай балапан.
Жалғасым деп жауқазын,
Жаратады жан атаң.
Аялайын балақан –
Ақ мамықтай балапан.
Аппақ сенің жүзіңнен
Арайланған жаңа таң.