19.02.2022
  522


Автор: Абдрахман Асылбек

Ана тілім

Ана тілін білмесең,
Қадірлісің кімге сен?
Өзге тілге шырмалып,
Адасасың бірге сен.
Ана тілін білмесең,
Қадірлісің кімге сен?
Өз ұлтыңды ұмытып,
Жоғаласың мүлде сен.
Ана тілім – тіл десең,
Ана тілім – пір десең,
Тарихыңмен танысып,
Есейесің күнде сен.
Ана тілім – тіл десең,
Ана тілім – пір десең,
Асқақтатып ел даңқын,
Қол созасың күнге сен!





Пікір жазу