19.02.2022
283
![](/uploads/shorttexts/author_image/image[2].jpg)
Қамқор
Тоқ!
Тоқ!
Тоқылдақ
Тынбайды тоқылдап.
Жеп жатты құрттарды
Қабықтан шоқып ап.
Салып бар салмағын,
Күшімен балғаның
Тұмсықпен соғады
Орманның талдарын.
Бір тыным көрмейді,
Еңбекпен ерлейді.
Тоқылдақ осылай
Орманды емдейді.