meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  19.02.2022
  299


Автор: Абдрахман Асылбек

Айдана

Айналайын Айдана,
Жан емессің жай ғана.
Сенің нұрлы жүзіңмен
Теңеседі ай ғана.
Айналайын Айдана,
Қарап көрші айнаға.
Сымбатыңа сүйкімді
Ақылың да сай ғана.
Айналайын Айдана,
Көңілдісің қайда да.
Сенің күміс күлкіңмен
Арайланған айнала.





Пікір жазу