19.02.2022
228
Көшіргіш пен өшіргіш
Өзге оқушы ойланып,
Шығарғанда есепті,
Көшіреді ол жайланып
Күтіп жатпай кезекті.
Біздер ондай баланы
Көшіргіш деп айтамыз.
Өшіргіштің шамалы
Бір қызығын байқаңыз.
Көшіргіш-ау, Көшіргіш
Жалқау болған жаман да.
Өшіреді Өшіргіш
Қатең болса, табанда.
Көршісінен есепті
Жазып қойса Көшіргіш,
Сол жазуды тез, епті
Өшіреді Өшіргіш.
Көшірсе егер тағы да
Әдетімен Көшіргіш,
Тисінші деп арына,
Өшіреді Өшіргіш.
Көшіргіш-ау, Көшіргіш,
Жалқау болған жаман да,
Өшіреді Өшіргіш,
Қатең болса табанда.
Қойсын мейлі жасырып,
Көшіргенін Көшіргіш,
Өз өнерін асырып,
Өшіреді Өшіргіш.
Есепті өзі шығарды
Осыдан соң Көшіргіш.
Бұған қатты қуанды,
Тимейд енді Өшіргіш.