19.02.2022
  274


Автор: Абдрахман Асылбек

Апта жатпа

Дүйсенбіде ойға қалдым,
Не істерімді ойлап алдым.
Сейсенбіде сайға бардым,
Шабындық жер сайлап алдым.
Сәрсенбіде қайрақ алдым,
Орағымды қайрап алдым.
Бейсенбіде қаймақ алдым,
Шапқан шөпті тайлап алдым.
Жұма күн жонға бардым,
Қоспағымды қомдап алдым.
Сенбі күні қойға бардым,
Ертіп алдым Қойбағарды.
Жексенбіде ойға бардым,
Көңілденіп ойнап алдым.


 





Пікір жазу