18.02.2022
  810


Автор: Алғыс айту күні

Алғыс батасы

Алғыс айтқан ағайын,
Қабыл болсын алғысың!
Әр істерің оң болып,
Арта берсін табысың!
Сыйластығың жанданып,
Бұл-бұл құсың ән салып.
Жақын болсын алысың!
Бастарыңа бақ орнап,
Абыройың асқақтап,
Биік болсын намысың!
Алғыс айту күнінде,
Бақыт қонсын үйіңе.
Орындалып әр ісің!
Саулығыңыз мықты боп,
Көңіл-күйің күшті боп,
Арта берсін ырысың!
Жібек Искакова





Пікір жазу