18.02.2022
227

Шапалақ
Шапалақтың да түр-түрі бар.
Ырза болып, қол соқсаң – қошемет. Оның пайдасы өте көп.
Ыза болып, күйінсең – ренжіткен кісіге қарсы әрекет.
Көрермен алақаны қызғанша қол соқса – сүйініштің белгісі.
Қыз жігіттің бетінен шапалақпен осып өтсе – күйініштің белгісі.
Бірақ, сол шапалақ қыз арына қорған болатынын ұмытпа.
Қайта-қайта қол соғудың да жалған болатынын ұмытпа.
Кейбір шапалақтың ар жағында айқай тұрады.
Кейбір шапалақтың тасасында шайтан тұрады.