18.02.2022
  163


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Бір атаның балалары

« Мемлекет дегеніміз – үлкен отбасы, ал отбасы дегеніміз – шағын
мемлекет». Қытайдың ұлы ойшылы Конфуций осылай деген екен. Қазақ
ақыны Қасым Аманжолов:
«Семья – шағын мемлекет,
Мен – Президент, сен – Премьер,
Артым саған көп міндет,
Премьер жолдас, бер пример!» – деп жырлаған.
Қазақтар әдетте бойдақтарды жарты деп атайды. Ал сол жартының
тағы бір баламасы «жарым» деген сөз. Ол ақылы толыспаған, жартылай кем
дегенді білдіреді. «Екі жарты – бір бүтін» дегенде екі жартыдан бір бүтін
құралатыны, ер мен әйел қосылғанда барып отбасы пайда болатыны
айтылып тұр. Орыстың «брак» (неке) деген сөзінің де түркілік тамыры бар.
«Бір-ақ» сөзі «бірге болайық, бір болайық» дегенді білдіреді. Ал «брат»
немесе «братань» – бір атаның балалары деген сөз.





Пікір жазу