18.02.2022
  178


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Көбейді...

Жерім деп елжіремейтін, туған тілін менсінбейтін, ішкен мен жегенді,
дәрет сындыруды ғана білетін жануартектестер көбейді.
Елім деп еміренбейтін, еңбектен ат-тонын ала қашып, елден тілейтін
тілемсектер көбейді.
Төрелер келсе елпеңдейтін, жалпаңдаудан жиіркенбейтін, өтірік айтса
өкінбейтін ойы келтелер, майлы желкелер көбейді.
Аузы көпірсе де тоқтамайтын, ана сүтін ақтамайтын, жақсылықты
жақтамайтын, ар-ұятын сақтамайтын азғындар көбейді.
Ата-баба дәстүрін қадір қылмайтын, қиындық көрсе сабыр қылмайтын
таяздар көбейді.
Естіген жұрт не дейді?!





Пікір жазу