18.02.2022
175
![](/uploads/shorttexts/author_image/screenshot-20200424-144226.png)
Оңайдан олжа тапқандар
Қаңғыбас итті тазы деп, бір кесек майды қазы деп жүргендер жалы жоқ
қаншырды арыстан, қоян алатын халі жоқ қаншықты арлан деуден де
тайынбайды. Тұлпар болмаса да тарлан атын алғандар, сұңқар болмаса да
тырнағын құсқа салғандар аз емес. Олар көбейген сайын теперіш көретін
жүйріктер мен қырандардың да жағдайы мәз емес.
Оңайдан олжа тапқандар жабыға жабу жапқысы келіп тұрады.
Абыройын сатқандар ағайын арасына от жаққысы келіп тұрады. Жүрегіне
шам жаққандар ғана кісі көңілін тапқысы келіп тұрады.