18.02.2022
  143


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Түсінбеймін

Мойынын қамытқа салып тұрып, «Құдай басқа салмасын!» – деп
қамыққандарды түсінбеймін.
Қуат-күші бар болса да, жадап-жүдеп тірлік кешкеніне өзін кінәламай,
«Құдай салды, мен көндім»» – дегендерді түсінбеймін.
Кездейсоқ тап болған жағдайды көріп тұрып, «Құдай неге көрмейді?» –
деп Жаратқаннан жақсылық дәметкендерді түсінбеймін.
Бес парызын орындай алмаса да, кісіге жасаған жақсылығын міндет
қылып, «Құдай көріп тұр ғой. Жұмаққа мен бармағанда, кім барады?!» –
дегендерді мүлде түсінбеймін.





Пікір жазу