18.02.2022
169
Қандай шебер Жаратқан!
Қалам мен Қағаз. Қылыш пен Қынап. Тамыр мен Бұтақ. Бірінің бірінсіз
күні жоқ. Бірақ, адамға сыры мәлім. Қаламның қағазға көзі түспесе, соры
қалың. Қағазға қаламның ізі түспесе, көңілі жарым. Қылыш қынап болмса
жалаңдап тұрады, қынап қылыш болмаса, алаңдап тұрады. Тамырсыз
ағаштың жапырағы жайқалмайды, бұтақсыз тамырға қан жүгіргені
байқалмайды.
Осыларды бір біріне қаратқан – қандай шебер Жаратқан!