![](/uploads/shorttexts/author_image/bez-nazvaniya-5.jpg)
Эпилог
Кетере алмай күйікті,
ұлын аңсап сүйікті,
апасының емшегі
Бозінгендей иіпті!
Омыраудан аққан сүт
Қара тасқа ұйыпты!
Кездің жасы кел болып,
Қобда езенге құйыпты!
Сағыныштар сарғайып
Күн кезінде күйіпті!
Қайғылары – қара бұлт
Бестеңірге*21 тиіпті!
Қасіреті мұз болып,
Мекендепті биікті!
Шемен болған шерлері
Теңізге ерең сыйыпты!
Шегіп қалған тау болып,
басқан мұңдар иықты!
Қайтіп қиып кетті екен
Осынау жер ұйықты?!
Туған жер мен досы үшін
Мыңға қарсы тұрыпты!
Ақ кеңілі Батырдың
Ақ жауын боп құйыпты!
Ақ арманы алыстап,
Айдың бетін сүйіпті!
Нұрлансын –деп, бар елем,
Оттай жанған жүрегін
Күнге апарып іліпті!
Запырандай кегінен
Орман – жасыл киіпті!
Шұғыла боп мейірі
Кең далаға тұныпты!
***
Ары таза, ері асқақ
Гималайдан биік-ті!
Қасиеттің алтынын,
тал бойына жиыпты!
***
Ел қорғаған айбыны,
Қара тасты тіліпті.
Кезсіз батыр екенін,
Кеп жылдан соң біліпті.
Кермеген боп керсе де,
шел басыпты тұнықты!
***
...Батырлығын Баукеңдей,
Кім мойындап, кім ұқты?..