Күнә
Шайқас болды сұрапыл,
Ішіңізден тына тұр.
Генералға бір мезет
Мойныңызды бұра тұр.
Жаудың мысы басады,
Шагдаржав
кеп сасады,
теріс жоба жасады, Зере құты қашады
Жетпей қалды
кеп ескер,
Жау алдынан тосады.
Шашылса күш, тактика
Қайдан іске асады?!
Қорқып асау жамбасқа
Генералың басады.
Бұйрық берді, шара жоқ,
Шегінбесе жасағы!
Алыс қалды
езінен
алапаттың ошағы!
Бір байқаса жоқ болған
Қорғаушысы
– қосағы!
Тайып тұрды бетке алып,
бас сауғалап тасаны...
...Беріп теріс рапорт
арқа жүктен босады.
Цэрэнжавты шаужайлап,
Жауып қойды «шашаны»!...
...Ондай шақырым алыста,
«Үш қарада» қалыста.
Шагдаржавтай генерал
кірмей білек сыбанып,
Теріс шешім шығарып,
Қара басын сауғалап,
Жоламаған соғысқа.
– Байланысы қалды ары, – Түсте жетті жау жағы.
Қатенің ең қатесі:
қараңғыда барлады!
...Оралғандай жеңіспен,
Қысылғанда: «кеп іспен»
алдап-арбап кетіпті
дала сотын «жеңұшпен»!
Цэрэнжавты жаныпты,
Езі таза қалыпты,
айдан сұлу, ақ сүттен,
монтаны боп: -артық –кем,
жаңылды-деп, тертіптен,
Ванчигты алға салыпты.
Залиландай бейуаз
Қанына ортақ болыпты...
...Басып есек-керікке,
Сұм генерал желікпе:
– Қателікті сол күнгі
Арта салған елікке!!...
Басын қорғап безектеп:
– Берілді – деп, – қазақ – деп,
Қолбасшыға жан-жақтан
Жамандаған кезектеп!...
Тексеруде деп келді,
керіп жалған беттерді,
Ұлты қазақ болған соң
шалағай-ақ тектелді.
Қанағатсыз тексерді.
Тексеруді кез алдап,
оп-оңай-ақ еткерді...
...Алдай алмай халықты,
Генерал сұм тарықты!
Кешікпей-ақ, арты оның
ашылып-ақ қалыпты...