Поэмалар ✍️
Поэмалар ✍️
18.02.2022
196
![](/uploads/shorttexts/author_image/bez-nazvaniya-5.jpg)
Жасындай жарқыраған Жәнабілхан батыр
(поэма)
Пролог
Қобландыдай айқасқан,
Ертестіктей шайқасқан,
Алпамыстай атылған,
Жалғыз ырғып жар тастан.
Ертегінің батыры
Женабілхан марқасқаң!
Мыңмен сегіз алысқан
Нағыз Қалиарыстан!
Саспайтұғын сағыз Ер,
Женабілхан нағыз Ер!
... «Жал-құйрығы түйілген,
Қырандайын шүйілген,
Қанатынан жел ескен,
Самұрықпен теңескен!
Отқа салса күймейтін,
Суға салса батпайтын,
Сары аязда қатпайтын»,
Алмас қылыш шаппайтын,
Женабілхан нағыз Ер!