Қайтпас – қайсар Борбан палуан
Жеңу үшін емірдің шырғалаңын,
ерге тасы кердің бе, сырғанауын.
Архангайдан тауысып техникум,
гидрогеолог игерді су маманын.
Бері бір ғой шықса да беліс қайда,
салт бас, сабау жігітке жұмыс пайда .
Күресем – деп, жүргенде елде тойда ,
аяқ асты белінді Говь-Алтайға.
Архангайдай палуан кеп жерде ескені,
есер етіп, талаймен теңдескені.
Говь-Алтайда қаймықпай қалмақтармен,
естілетін тамаша белдескені.
Жалын атып, толысып күреседі,
жағаласып, алысып жүре еседі.
Шымырланып, шыңдалып, бұл енерде,
жылжи-жылжи зымырап жыл еседі.
Күндіз - түні бар ойы күрес еді,
талайлармен тамаша тіреседі.
Алпыс бесте Елгейде тойда ағалап,
емір кешке осылай ілеседі.
Шымырланды, шыңдалды , ширығады,
едіс-айла, күрестік күйді ұғады.
Азаматты жетелеп армандарға,
алдан тосты емірлік сыйлық елі.
Талаптанды, күрессіз таң атпады,
тоқтамады тықыршып тағат тағы.
Күрескенде қар жауып қабағынан,
еш адамды бетіне қаратпады.
Ерен тұлға еріксіз сұсы басты,
дірілдетті, талайдың түсі қашты.
Тетеп бере алмады дүлей күшке,
едісі де, айласы, күші де асты.
Зодог, шудаг* сенденіп киінеді,
күресіне ел-жұрты сүйінеді.
Кейде шалып лезде сүріндірсе,
кейде сілкіп, балаша иіреді.
Кейбіреуін жалғыз- ақ бұрап тұрды,
елсіздерді кермеді тымақ құрлы.
Кеп алысты Лувсан ұшқышпенен,
Ақырында оны да лақтырды.
Жігер құм боп, кеудеде намыс ойнап,
асып-тасып сарқылдап күші қайнап.
Екіметтік атақты палуан еді,
самолетті қондырды тісін қайрап.
Аямады Лувсан білек күшін,
жағаласты қарай кер жүректісін.
Екі-үш сағат алысты, тізе бүкті,
сындыртады терт бірдей күрек тісін.
Жеңіледі, жігері құм болады,
Беттемейді! Одан соң жым болады.
Езі тілеп келіп ап, осылайша,
құм қабады Елгейдің бір қонағы.
Бас бейгені аймақта сан алады,
қадалғанды қоймайды, қан алады.
Әкесіндей күш толып, қуат асып,
күресінің тесілі жаңарады.
Ат алады, сыйлыққа тай да алады,
асыл бұйым, ақсарбас қой да алады.
Нұр жұдызы жарқырап бас бейгені,
елу жылда торқалы тойда алады.
Екше басып, жас палуан жағалаған,
емір екшеп жыл сайын жаңалаған.
Аймақ тойда үш рет екінші боп,
табаны аумай, терт рет ағалаған.
Үшеуіне еш адам беттемеді,
күш тасыған керемет кектем еді!
Кеп жылдан соң жеңісті берді езгеге,
палуан деген емірдің еткелегі.
Артта қалып, талайғы жарыс таңы,
есте қалды тамаша алысқаны.
Меңгі қалды атағы, езі елсе де,
аймағымның атақты Арыстаны.
* – Зодог, шудаг – моңғолияның ұлттық күрес киімі