18.02.2022
  191


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Түйе палуан

Ел Алтайда тұрыпты,
Әрең емір сүріпті.
Кедей Қасен үйінде,
Арыстай ұл туыпты.
Баласына шешесі,
Бал аштырған деседі.
– Нересте адам болама?
– Жоқ па, жолда кеселі?
Бақсы себи баланы,
ұстап тұрып шамалы:
– Аман-есен ержетіп ,
жақсы палуан болады.
Мұны естіп тұрған ел,
болған екен дүдамал.
Кеп жылдан соң айтқаны,
келген екен делме -дел.
Бойда қаны тасыпты-ай,
елге жаны ашыпты- ай.
Түйе палуан атанған,
Қанкелдіде Мешітбай.
Деу! – ат алған тұс екен.
бір қозғалту күш екен.
Аюдайын денелі,
тертпақ, жалпақ кісі екен.
Сол күш жайлы кешегі,
талай аңыз еседі.
Ер Алтайда егізді,арқалаған
деседі.
Қара күші – теңіз-ді,
шепке түскен егізді,
лақтырып мысықтай,
Алып бала! – дегізді.
Есті еңбекпен ер күні,
жабырқаған жарлыны.
Сейте, тұра езі де,
кедей болған бар міні.
Бір саусағы білектей ,
Азу тісі күректей.
балтырының жүндері,
желкілдейтін жібектей.
Жауырыны қақпақтай,
жұдырығы тоқпақтай.
Жанарынан жалынды,
от шашатын шақпақтай.
Бұлшық еті шоқпардай,
денесі аппақ ақ қардай.
Аты тістеп алса да,
сезбес шыбын шаққандай.
Айтса айтқандай күшті еді,
қаһарлы еді сұсты еді.
Сезге сараң, сырларын,
ақтармайтын іштегі.
Тарамысы оқтаудай,
талаптанған тоқталмай.
Қандай палуан болса да,
тұра алмайтын оқталмай.
Жау шапқанда есалаң,
ел қорғаны осы ағаң.
Жездесінің орнына ,
аттаныпты Мешағаң.
Партизанда жүргенде,
тас қараңғы түндерде,
Қардай борап тұрғанда оқ,
тіл екелген бір пенде.
Кейін шықты дерегі,
Мешағаңдай ер еді.
Тұншықтырып тыңшыны,
ұстар екеп береді.
Тұрған кезде оқ борап,
келген кеп-кеп ақпар ап.
Жаудан талай құтылған,
Кекжелке атпен шапқылап.
* * *
Қажымайтын ер істе,
қой да жайған ерісте.
Қара күштің атасы,
қарапайым періште .
Жан салмаған жарыста,
түскен талай арысқа.
күйкі, күйбең тірлікпен,
мал айдаған орысқа .
Мал айдаған шақта осы,
кілең жігіт қасқасы.
Әрең сүйреп бұрамға*
бір қой салса бас-басы.
Шаршағанды білмейтін,
жалғыз езі сүйрейтін.
Еркек қойдың тертеуін ,
қолына да ілмейтін.
Мінезі де тұйықты,
кептен ары биік-ті.
Ел-жұртына аяулы,
адам болған сүйікті.
Сүйегі де ірі еді,
күш атасы киелі.
Жұлып алған батпақтан,
құнан атан түйені.
Қалған кезде тарландап,
қозғалатын қорбаңдап.
Сондай мықты болуды ,
біз жүруші ек армандап.
Кең -мол жайып құлашты,
талаймен күш сынасты.
Түйе палуан дарыны ,
ұлдарына ұласты.
* – бұрам – паром





Пікір жазу