18.02.2022
116
Жанның сақшысы
Барамын шелдеп қаталап,
Тағдыр-ау неткен жақын ең
Түңіліп жанан қапа боп
Қиналып жаңа жатар ем...
...Мүмкін бе, дерттен айықпақ,
Жатырмын міне тыныстап.
Қорқыныш үрей ғайып боп,
Барады кезден жылыстап.
Шыдады қайтіп тойтарып,
Қандай күш дертке тетеп кеп?!
Емірге мені қайтарып
Кім алып келді жетектеп.
Күзеткен жаным лайықтысың
Керемет екен дерменің.
Жанымды алып қалыпсың
Сүйікті менің дерігерім.
Ақ жанын ылғи халықтың,
Күзетіп қана тұрасың.
Жанымды алып қалыпсың
Рақмет! Шура дерігерім.