18.02.2022
  143


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Қасиетті Қашекең

(Ел билеген еңселі ардагер Қашқынбай Мелікұлына толғау)
І
Қилы заман бері есте,
Қашекеңдей нересте,
Қарапайым халықтың
туды үйінде Меліктің.
Жоқшылыққа ұсталып,
Қу кедейлік қысқа жіп.
Келгенімен күрмеуге,
келмей қойды сүйреуге.
Малай болып,
мал жайып,
Қара бала түзде ескен.
Ақ бұрқаққа оранып,
ит, беріге таланып,
Мұз тесеніп, сыз кешкен.
Байдан талай жеп таяқ,
Қалдық жалап саптыаяқ
тар жол, тайғақ із кешкен.
Құр қалмай жат тілден де,
жалшылықта жүргенде,
ата-анасы мез болды
Монғол тілін білгенге.
Алтай, Қобда араға,
суыт жүріп қонаға
күн-түн қатып, жүз кешкен.
* * *
Жалақыға қой алып,
елмен бірге оянып,
қашып барған мектепке.
Үміт отын үзбестен,
Білім қуып, із кескен.
Ақбалшықтан кешегі
телім алып еселі,
сусындаған деседі.
Дүгрэгтен деріс ап,
ой-санасы еріс ап,
Мықты адам болғанын,
Емірге бет алғанын
шығармаймыз біз де естен.
* * *
Білім алып саналы,
ағай бағы жанады.
Барып Қобда аймаққа
тілмаш болып қалады.
* * *
Емір жолын пайымда,
арман толы ойында,
Меңгеруші іске ерен
Ұзтаз боп та істеген.
Дэлүүн, Бұлғын бойында,
Мына Қызылқайыңда.
Алсақ еске жас күнін,
Оқу белім бастығын,
Қауіпсіздік ұйымда
жұмыстапты тас-түйін.
Жақсы жұмыс жасарын,
сезіп үлес қосарын,
Берген аймақ екімнің
бірінші орынбасарын.
Заң қатты сол тұстағы,
Қатал тертіп ұстады.
Ерлей берді беделі,
Менсап, билік, іс-бабы.
Іскерліктің нақ сыры,
Қолдады елі басшыны.
Он жыл мінсіз атқарған,
тек, бірінші хатшыны.
Жасап жақсы күш, қадам,
Адалдық жол ұстаған.
үш жыл жарым білімін
Алматыда ұштаған.
Құрылтайға хатшыға
елі сеніп нұсқаған.
Ел билігін ұстаған
басқармада күшті адам!
Таққа солай жайланған,
аты аңызға айналған,
депутатқа Қашекең
Неше дүркін сайланған.
Хан тебесі кек тіреп,
дүркіретіп етті, тек!
Екіметтің терінен
Орын алған текпілеп!
Дүниеге кезін сүзбестен,
елге бақыт іздескен.
Сталин, Мао Цзе Дуңдай
талай деймен жүздескен.
Соғыс ашып, қас қылған,
Жауды бірге басқа ұрған
Ел тартуын қолма-қол
Сталинге тапсырған...
* * *
Қарағайдай мүйізі
Қой бастаған серке еді!
Басқаны алтын бір ізі,
Ел бастаған ерке еді!
Жалын атқан жұздызы,
Керейімнің керкі еді!
Ардагері заманның,
күрескері табанды!
Сүйікті ұлы халқының,
Қайраткері қоғамның!
Замананың заңғары,
Ардақтайтын меңгі елі:
– Еліміздің таңдаулы
саясаткер, заңгері!
* * *
Қашекеңдей ел қамын,
жесе екен – деп, жүреміз.
Ел кегерткен бастықты
бас екен – деп, білеміз.
Халық үшін жан салса
Дос екен – деп, білеміз.
Бос етпейтін бір күні,
Жастар керсек үлгілі,
Қашекеңнің ізбасар
кеш екен – деп, қаламыз.
Қерсек мыңнан бір адал
ағамыздың рухы
осы екен – деп, қаламыз!
ІІ. Ағаға шағым
Қызықпайтын жан аға,
алтын, күміс, қолаға,
елге басшы жол аға,
басқа бақ боп, қон, аға!
Ақ батаны ал, аға!
үлкенге де балаға,
қыл кепір бол, араға.
Кел дария ақылға
тұла бойы толы аға!
Отырса да мың бастық
орыныңыз тола ма?
Екірсе де жүз декей
езіңіздей бола ма?
Бетке тартқан бетсіздер
Кетсін, сізден, садаға!
Қонбай қойды бір де құс,
Әділетсіз «жағаға»!
Саусағыңа тати ма?
сан терелер бүгінгі,
Негізі жоқ санада!
«Ит жоқ жерде қорсылдап,
Шошқа үреді қораға.
Би жоқ жерде бір сіздей,
Құл-құтан жүр, жораға!
Сарғайдық-ау, сағынып,
Кез қырыңызды сал, аға!
Қара басын күйттеген,
Қаптап кетті ит – деген!
Қорқаулардан халықты,
Құтқарып, бір қал, аға!
Сүрінгенді демейтін,
Жетімдерді жебейтін,
Тарыққанға табылып,
Таудай пана бол, аға!
Толған айдай толы, аға!
Шарапаты мол, аға!
Түзу жолға сал, аға!
Иманды бол, жарықтық!
Береке бер, далаға!
Алтын күн боп рухың
Меңгі жайнап жан, аға!





Пікір жазу