18.02.2022
161
* * *
Бастарын қосып халықтың,
Жиналып үйінде Меліктің.
Бірлестікті алғаш орнатқан
Атасақ атын алыптың:
Байқоныс, Құсайын, Аяған,
Мүшеге Салық сай адам.
Батчулуун, Үсен, Ожайды
Қатары сиреп азайды
Авирмэд, Зейнолла, Татайды,
Алғашқы мүше атайды.
Имажан, Зундуй, Қомшалар,
Кемештай, Гончиг жан салар.
Қалыпты тағы бір кісі,
Алғашқы мүше Зүлпіші.
Кегібат, Шеріп, Пүрэв, Забайды
Бааст, Оросоо ілесу оңай-ды
Қапсатар бастап ұйымды,
Мүшенің саны молайды.