17.02.2022
9468
Нағашылар аман бол!
Анашымның жақындары, нағашы,
Нағашылар жиендердің панасы.
Ақ тілегін, баталарын жеткізер,
Аман болшы қауым-жұрттар, нағашы.
Нағашылар жиендердің тірегі,
Нағашылар бар жақсыны біледі.
Күндеріңіз қуанышқа толы боп,
Орындалсын жиендердің тілегі.
Нағашылар әрқашанда болшы аман,
Жиендердің алдарында нар болып.
Жаратқаннан бар жақсыны сұранам,
Шырқалатын жаныңызға ән болып.
Жібек Искакова