17.02.2022
4333
Нағашы әжеме
Ақ жаулықты анашымның анасы,
Нағашы әжем даралардың дарасы.
Бар тәттісін жиендерге арнайтын,
Немеренің айнымайтын панасы.
Деніңіз сау болсын әже әрқашан,
Немерелер ортасында гүл жайнап.
Әр күніңіз шуағына бөлесін,
Жүзіңізде жал-жұлт етіп, нұр ойнап.
Қуанышқа бөлей түссін әрбір таң,
Жадырасын пәк көңілің жаз болып.
Амандықта болшы әже тілерім,
Жас балаша шаттанып сіз мәз болып.
Жібек Искакова