17.02.2022
  1181


Автор: Жібек Ысқақова

Нағашыма тілек

Күлім қағып ататын сен таңымсың,
О, нағашы қуат берер жанымсың.
Арнайы кеп еркелетер біздерді,
О, нағашы, намысымсың, арымсың!

Жақсылыққа бағыт беріп бастайтын,
Асықпайтын нағашым сен саспайтын.
Қиналсам да, қуансам да бір болар,
О, нағашы, шындық өзің растайтын.

Бұл жиенің амандықты тілейді,
Ортамызда күліп-ойнап жүр дейді.
Ақ тілегін өзіңізге жаудырар,
Бұл жиенің өкпелеуді білмейді.
Жібек Искакова





Комментарии

06.07.2023 03:28
Нағашы

Пікір жазу