17.02.2022
  8730


Автор: Таныстыру сөздері

Мектеп аралық сайысқа таныстыру

Мектеп аты: Абай Құнанбаев
Ұраны: «Сенде бір кірпіш, дүниеге, Тетігін тап та бар қалан»

Ассалаумалейкум баршаңызға,
Иіліп сәлем бердік, қараңыздар.
Мектебіміз біз келген Құнанбаев,
Екендігін біз айтып, саламыз жар.

Ұранымыз бір біздің жыр-әніміз,
Қалықтаған аспанда қыранымыз.
Білім менен іліммен сусындайтын,
Абай ата мектебі — бұлағымыз.

Бұл мектептің ұстазы, шәкірті де,
Шыңдап жүрер қашанда білімдерін.
Ынтымақ пен бірлікті арқау етіп,
Дамытады бойына ілімдерін.

Біздің мектеп ерекше — дара мектеп,
Білімсізге жол көрсетер — пана мектеп.
Ұстаздар мен шәкірттер үйлесетін,
Білімділер ордасы — дана мектеп!
Жібек Искакова





Комментарии

Бибінұр
Бибінұр 05.03.2024 10:07
Ал кәнекеи қыздар-аи саиыс топ атты:еркелер Бибінұр,Аидын,Гүлсезім,Каусар,Айкөркем,Көркем,Аяла
29.01.2023 19:44
??

Пікір жазу