17.02.2022
  3220


Автор: Таныстыру сөздері

Ұжымдастар сайысы

Топтың аты: Тәуелсіздік
Топтың ұраны: Тәуелсіздік —әніміз, Тәуелсіздік — жанымыз!

Армысыздар ұжымдастар, халайық,
Алдыменен сәлемдесіп алайық.
«Тәуелсіздік» тобымыздың аты бұл,
Шын көңілмен әр қимылды қарайық!

«Тәуелсіздік — әніміз бұл, жанымыз!»
Тәуелсіздік — ұранымыз, барымыз.
Осы ұранмен келдік бүгін сіздерге,
Бойымызда қайнап таза қанымыз!

Тәуелсіздік ұландары — біздерміз,
Тәуелсіздік қырандары — біздерміз.
Азат күннің мейріміне бөленген,
Тәуелсіздік тұлпарлары — біздерміз!

Біздің ұжым, біздің топ бұл — ең үздік,
Тәуелсіздік атыменен келген бұл.
Мықты үміт бар, күштілік бар санада,
Өнер менен білімге бек сенген бұл.
Жібек Искакова





Пікір жазу