17.02.2022
  7726


Автор: Таныстыру сөздері

Топты таныстыру (мектепте)

Топтың аты: «Алаш елі»
Топтың ұраны: «Алаш елім айбыным, Болмасын еш қайғы-мұң?!»

Ассалаумалейкум, сәлем бердік.
Сайысуға сіздермен, біз де келдік!
«Алаш елі» біздерміз, қарсы алыңыз.
Оң аяқпен адымдап, біз де ендік!

«Алаш елі» тобымыз аты осылай,
Қазағымның айнымас тұтқасындай.
«Алаш елі айбыным» ұранымыз,
«Болмасын еш қайғы-мұң» жыр, әніміз.

Біз біргеміз, Алашым, сіздерменен,
Айбынымыз асқақтап, арта берсін!
Болмасыншы қайғы-мұң, гүлдей жайнап,
Әрбір ақ таң шаттықта ата берсін!

Біздің топтың балдары үздік бәрі,
Өнерімен тәнті етер барша жанды.
Ынтымақ пен сыйластық бірге үндесіп,
Бақытына бөлейді барлық маңды.





Пікір жазу